Польшада жұртқа оқ атқан адам ауруханада көз жұмды

Краков алаңын күзетіп тұрған полицейлер. 7 қараша 2026 жыл.

Польшаның Краков қаласында болған жаппай атыстан тоғыз адам қаза тапты. Алты адам көшеде оққа ұшқан, тағы үшеуінің мәйіті күдіктінің үйінен табылған. Полициямен атыс кезінде жараланған күдікті кейін ауруханада көз жұмды. Шабуылдың себебі әзірге белгісіз.

Польшаның Краков қаласында қарулы адам көшедегі жұртқа оқ жаудырып, алты адамды өлтірді. Тағы 16 адам жараланды.

Reuters мәліметінше, кейін полиция күдіктінің үйінен ата-анасы мен әпкесінің мәйітін тапқан. Тергеушілер олардың өліміне де күдіктінің қатысы болуы мүмкін деп топшылап отыр.

24 жастағы күдікті полициямен атыс кезінде жараланып, ауруханаға жеткізілген. 9 қарашада оның ауруханада көз жұмғаны хабарланды.

7 қараша күні Польшаның 24 жастағы тұрғыны Краков қаласындағы алаңғы шығып, автоматтан оқ жаудырған. Салдарынан жол-жөнекей кетіп бара жатқан адамдар оққа ұшқан.

Шабуылдың нақты себебі әзірге белгісіз. Польшада екі күндік аза тұту жарияланды.