Тұрмыста зорлық көріп, түрмеге түскен Баянның әңгімесі

Your browser doesn’t support HTML5

39 жастағы Баян Кенганова жақында Жауғашты әйелдер түрмесінен шартты түрде босап шықты. Ол күйеуінің қазасына кінәлі танылып, 8 жыл бас бостандығынан айырылған. Мерзімінің үштен екісі аяқталған соң сот Баянның жазасын шарттыға алмастырды. Баян – бес баланың анасы. Ол тергеу әділ жүрмегенін айтады.