Дженсен Хуанг Nvidia басшылығына қайта келді

Дженсен Хуанг

Америкалық чип өндіруші Nvidia компаниясының директорлар кеңесі Дженсен Хуангты бас директор қызметіне қайтарды. Бұл туралы бүгін, 23 желтоқсанда белгілі болды.

12 қарашада директорлар кеңесі Дженсен Хуангты қызметінен кетірген еді. Бұған Дженсен Хуангтың қытайлық кәсіпкер әйел Элис Хуангпен қарым-қатынасы себеп болған.

The New York Times газеті Nvidia басшысы қытайлық кәсіпкер әйел Элис Хуангпен жақын қарым-қатынаста болған деп жазған еді. АҚШ арнайы қызметтері ол әйел тыңшылық жасап, Пекинге ақпарат беріп отырған болуы мүмкін деп күдіктенеді. Элис Хуанг Nvidia-дан чиптер сатып алатын Сингапурдың Megaspeed компаниясында жұмыс істеген. NYT дерегінше, АҚШ-тың арнайы қызметтері бұл күдіктері туралы шамамен бір жыл бұрын АҚШ президенті Дональд Трампқа баяндаған, алайда ол бұл ақпаратқа байланысты ешқандай шара қолданбауды жөн көрген.

Биыл қазан айында Дженсен Хуанг Астанаға келіп, үкімет өкілдерімен кездескен еді. Хуанг пен жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен Екібастұзба қуаты 1ГВт болатын дата-орталық (Data Center Valley) салуды талқылаған. Дженсен Хуангтың айналасында шу басталғалы ресми Астана бұл жобаларға қатысты мәлімдеме таратқан жоқ.