Кувейт ирандық дипломаттарды елден шығармақ

Кувейт Иранның бірнеше дипломатын елден шығаратынын хабарлады. Сыртқы істер министрі Мохаммед әл-Сабахтың айтуынша, әлгі дипломаттарға Тегеранға жұмыс істейтін тыңшылық ұйымына қатысы бар деген айыптар тағылып отыр.

Осы аптада Кувейтте тыңшы деген күдікпен үш адам өлім жазасына кесілген болатын. Олардың екеуі – ирандық, біреуі – Кувейт азаматы. Иранның мәліметінше, ол адамдар Тегеранның тыңшылары емес.