ОСК: Шығыс Қазақстанда сайлаушылар өте белсенді қатысып жатыр

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы ақпаратта жексенбі күні кезектен тыс президент сайлауына дауыс бергендер саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы алда келеді.

ОСК сағат 10.00-дағы мәліметтер бойынша бұл облыста тізімдегі сайлаушылардың 27,2 пайызына дауыс беру бюллетеньдері берілгенін хабарлады.

Алматы облысы бойынша сайлаушылардың 25,2 %, Қостанай облысы бойынша – 24,8 %, Ақмола облысында – 23,4%, Қызылорда облысында – 21,8% және Қарағанды облысында – 20,6 % дауыс беріп үлгерген.

Сондай-ақ бұл көрсеткіш Павлодар облысында – 20,3%, Маңғыстау облысы бойынша – 16,8 %, Ақтөбе облысында – 16%, Батыс Қазақстан облысында – 12 %, Атырау облысында – 11 % құраған.

Ал Астанада таңертеңгі сағат 10-да сайлаушылардың 9,1 пайызы, Алматыда тек – 5,2 пайызы дауыс беретін қағаздарын алған.