Мэлс Елеусізов: Экологиялық партия құрып, парламент сайлауына түсемін

«Табиғат» экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов экологиялық партия құрып, 2012 жылы парламент сайлауына түсетін ниеті барын мәлімдеді.

«Мен қазір экологиялық партия құратын уақыттың келгенін түсіндім. Мен осыған бұнымен айналысқан жоқ едім, себебі халықтың оған ықыласы болмаған еді. Тіпті сайлау кезінде маған дауыс бергендердің өзі шын мәніндегі жақтастарым екенін түсіндім. Бұл партия құруға толық жетеді», - деді Мэлс Елеусізов дүйсенбі күні брифингте.

Сәуірдің 3-і күні Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауына түскен кандидат Мэлс Елеусізовке, Орталық сайлау комиссияның дүйсенбі күні жариялаған алдын ала қортындысы бойынша, дауыс берген сайлаушылардың 1,4% қолдау білдірген.

Жексенбі күні дауыс беріп шыққан соң журналистерге берген сұқбатында Мэлс Елеусізов өз дауысын бәсекелесі Нұрсұлтан Назарбаевқа бергенін айтқан еді.

ОСК-нің алдын ала деректері бойынша, бұл сайлауда дауыс бергендердің 95,5 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.