Гаити президенті болып әнші Мишель Мартелли сайланды

Гаитиде өткен президент сайлауының екінші турының алдын ала қортындылары бойынша 50 жастағы танымал әнші Мишель Мартеллиге сайлаушылардың 68 пайызға жуығы дауыс берген.

Ал оның бәсекелесі, елдің бұрынғы президентінің зайыбы Мирланд Манига тек 32 пайыз дауыс жинаған.

Халқының басым бөлігі кедейшілік тауқыметін тартып отырған Гаитиде 2010 жылы болған жойқын зілзала 300 мыңнан астам адамды мерт етіп, ел экономикасына орасан зор зардап тигізген еді.