Борышкерлер жетекшілерін босатуды талап етті

Тәуелсіздік монументінің жанына жиналған «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсенділері Астанада заңсыз наразылық шарасын өткізді деген айыппен қамауға алынған қозғалыс жетекшісі Есенбек Өктешбаевты босатуды талап етті. Сондай-ақ, белсенділер сәуірдің үші күні өтетін президент сайлауына да қарсылығын танытты. Алматы, 25 наурыз 2011 жыл.