Жапония мектептерінде радиация деңгейі тексеріліп жатыр

Жапонияның солтүстік-шығысындағы Фукусима аймағында мектептер мен бала бақшаларында радиация деңгейі тексеріліп жатыр.

Зілзала мен цунамиден зақымданған атом электр станциясындағы радиацияның жайылуына байланысты алаңдаушылықтардан кейін жергілікті билік орындары төтенше бағдарламаны мақұлдады.

Жапон үкіметі өкілінің айтуынша, «Фукусима – Дайичи» атом электр станциясындағы жұмысшылар реакторларда жиналған радиоактивті суды мұхитқа төге бастады. Оның айтуынша, бұл шара АЭС орналасқан аймақтың радиациядан жаппай ластануына жол бермеу үшін жасалған.