Лондонда Гагаринге ескерткіш қойылады

Ұлыбритания астанасында адамзат баласынан алғаш рет ғарышқа ұшуының 50 жылдығына орай совет ғарышкері Юрий Гагаринге ескерткіш қойылады. Бұл туралы Британ кеңесі хабарлайды.

Британ кеңесінің штаб-пәтері алдына орнатылатын ескерткіштің ашылу рәсімі сәуірдің 7-сіне белгіленген. Сол жерде бір жыл тұрған соң ескерткіш басқа орынға ауыстырылады.

Бейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясы 65-сессиясының арнайы жалпы отырысы адамзаттың тұңғыш ғарышқа ұшқан күніне арналады.

Юрий Гагарин бұдан елу жыл бұрын, 1961 жылы сәуірдің 12-сінде «Восток» ғарыш кемесімен Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат тарихта алғаш рет ғарышқа шықты.