Косово парламенті ел президентін сайлады

Косово парламенті полиция қолбасшысы Атифете Яхьяга ханымды президент етіп сайлады.

Яхьяга бұған дейін 1999 жылы халықаралық қауымдастықтың көмегімен құрылған Косово полициясының бас қолбасшысы болған. Биліктегі коалиция мен жетекші оппозициялық партия жаңа сайлауға қауіп төндіріп тұрған саяси дағдарысты шешу үшін президент лауазымына Яхьяганы ортақ кандидат ретінде ұсынуға келіскен.

Конституциялық сот бұрынғы президент Беджет Паколлидің сайлануын заңсыз деп таныған.