Алматы облысының жаңа әкімі тағайындалды

Анзар Мұсаханов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Мұсахановты сәрсенбі күні облыстық мәслихаттың отырысында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов таныстырған. Бұдан бұрын Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Мұсаханов Серік Үмбетовтың орнына тағайындалып отыр.