Бахрейн билігі елдегі ірі шиит партиясын таратты

Бахрейн үкіметі елдегі ең үлкен шиит саяси ұйымы - "Әл-Вефак" партиясын тарату туралы шешім шығарды.

Бұл шешім осы елде билік басында отырған сүннит патша әулетіне қарсы бірнеше аптаға жалғасқан наразылық шерулерінен кейін қабылданып отыр.

Елде саны басым шииттер өздеріне тең құқық берілуін және елдегі билік түрін конституциялық монархия етіп өзгертіп, үкіметті сайлау жүйесін енгізу туралы талаптар қойды.