Қазақстан мен Ресей шекарасы маңына зымыран құлады

Атырау облысында Ресей мен Қазақстан шекарасы маңында зымыран құлады деп хабарлайды «Новости-Қазақстан» агенттігі.

«Атыраудың Балқұдық ауылында зымыран құлады, ол бүтін әрі жарылмаған», - деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Светлана Жұмашева.

Оның айтуынша, зымыранның құлағанын көрген шопан шекарашыларға хабар берген.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.