Лукашенко халыққа жолдауын жариялайды

Беларусь президенті Александр Лукашенко бүгін парламентте халыққа жолдауын жариялайды. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Лукашенконың мәлімдемесі ұлттық теледидар мен радио арқылы тікелей эфирден беріледі.

Сәуірдің 11-де Минск метро станциясындағы жарылыстан 13 адам қаза тапқан болатын. Сонымен қатар қазір Беларусьтің экономикалық жағдайы нашарлап жатыр. Лукашенко Минскідегі шабуыл мен экономикалық проблемаларға байланысты "мемлекетті тұрақсыздандыруды" көздейтін күштерді айыптады.