Ливия көтерілісшілері шекаралық бекетті бақылауына алды

Ливия көтерілісшілері Туниспен арадағы шекаралық бекетті өз бақылауына алғандарын хабарлады.

Налут қаласының жанында Каддафи әскерилерімен үш күнге созылған шайқастардан кейін Вазин шекаралық бекеті ливиялық көтерілісшілердің бақылауына өткен.

Сонымен қатар бейсенбі күні НАТО Ливия халқын альянстың әуе шабуылдарына ұшырамау үшін Каддафи күштерінен алшақ болуға шақырды.