Палестина полициясы израиль ғибадатшысын атып өлтірді

Палестинаның Батыс жағалауына діни орынға бара жатқан израильдіктерге полиция күштері оқ атып, кемінде бір израиль қаза тауып, төртеуі жараланды.

Израиль армиясының мәлімдеуінше, ультра-ортодокс дініндегі еврейлер армияның рұқсатынсыз Наблус қаласындағы қасиетті діни орынға бара жатқан.

Еврейлердің Палестина аймағындағы діни ғибадат орнына баруына айына бір рет қана жол берілген. Бірақ ультра-ортодокс еврейлері әскери тыйымды мойындамай келеді.

Наблус басшысының айтуынша, Палестина полициясы алдымен оларға ескерту оғын атқан.