Алматыда наразы үлескерлер алаңға шықты

3-ші желтоқсан күні түскі сағат 12-де Алматы әкімдігінің алдындағы Тәуелсіздік монументі тұрған алаңға жиналған «Ақ ауыл» және «Верный.KZ» құрылыс компанияларының үлескерлері өз мәселелерін шешуді талап етіп, компания басшылығы мен билікке наразылық білдірді.
Араларында кәрі-жас, кішкентай балалары бар наразы жұрттың қолында Үкімет жетекшісі К.Мәсімовке, құрылыс компанияларының басшылығына талаптар айтылған жазулар бар. Бұл талаптарды олар өздерімен бірге ала келген дыбыс күшейткіш құралдың көмегімен де айтты.