Жатақхана тұрғындарының 20 миллионға жуық теңгесі табылмай отыр

«Қалқаман» ықшам ауданындағы №1 аурухананың қарамағында болған екі жатақхананың тұрғындары екі жылдан бері коммуналдық қызметке төлеген ақшаларының қайда кеткенін білмей отыр. Олардың «Альянс банкінің» филиалы арқылы ай сайын төлеп тұрған ақшалары тиісті жеріне жетпеген.