Ұлттық банк алдындағы пикет

Your browser doesn’t support HTML5

Проблемалық ипотекалық несие қарызы бар борышкерлер Қазақстан ұлттық банкінің Алматыдағы бас кеңсесі алдында пикет өткізіп, банк жетекшілігіне петицияны есік алдындағы күзетшілер арқылы кеңсеге берді. Наразылық акциясына қатысушылар борышкерлердің көпшілігі проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы мемлекеттік бағдарлама бойынша үкімет бөлген 130 миллиард теңгені пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізе алмай отырғанын айтады. Олар бағдарлама шарттарын өзгертуді талап етеді. Ұлттық банк жетекшілерінен наразы борышкерлермен кездесуге ешкім шықпады. Пикеттен соң бірнеше белсендіні полиция ұстады.