Илхам Әлиев Ресейді Әзербайжанның Киевтегі елшілігіне қасақана соққы жасады деп айыптады.
Әзербайжан басшысының сөзінше, Ресей әскері Әзербайжанның Киевтегі өкілдігіне үш рет соққы жасаған.
Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан басшылығы бастапқыда алғашқы соққыны кездейсоқ жасалған шабуыл деп қабылдап, Ресей жағына Әзербайжанның Киевтегі дипломатиялық өкілдіктерінің (консулдық бөлім, мәдени орталық және елшілік) координаттарын берген.
"Соған қарамастан тағы екі соққы жасалды. Бұл Әзербайжанның дипломатиялық өкілдігіне жасалған мақсатты шабуыл" деді Әлиев.
Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Әлиевтің сөзі шындыққа сәйкес келмейді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, "Әзербайжан жағына Украинадағы елшілігінің бүлінуіне байланысты уақытында тиісті түсініктеме берілген".
Атап айтқанда, Ресей жағы 2025 жылы 21 қарашада Әзербайжанның Мәскеудегі елшісіне "әзербайжан дипломатиялық миссиясының Украинадағы ғимараты мен аумағының бүлінуіне шын жүрекпен өкінетінін" жеткізген. СІМ айтуынша, "әуе қорғаныс жүйесі дұрыс істемегендіктен" атап айтқанда, америкалық Patriot жүйесінің ракетасы құлап, ғимарат бүлінген болуы мүмкін.
Ресей өкілдері өз сөздеріне дәлел келтірген жоқ. Әзірге ақпарат ресми түрде расталмады.