Әлия Назарбаева Алматыда жаңа кітабын таныстырды. Қалада шара өткізуге шек қойылған

Your browser doesn’t support HTML5

16 қыркүйек күні Алматыда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева кітабының тұсаукесері өтті. Алматы коронавирус бойынша "қызыл аймақта" тұрғандықтан, бірқатар шектеулер әлі күшінде. Соған қарамастан мемлекеттік опера және балет театрында өткен іс-шараға кемінде 40-50 адам қатысқані. Іс-шараға бірқатар танымал адамдар келген. Алматының санитарлық департаменті Ashyq жүйесі орнатылған мекемелер жиын өткізу үшін рұқсат сұрамайтынын айтты, бірақ шараға қатысқандардың маска режимін сақтағанын тексеруге уәде берді.