Алматыда ондаған оқушы улану белгілерімен ауруханаға түсті. Мектеп уақытша жабылды

Көрнекі сурет.

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы улану белгілері бойынша ауруханаға түсті. Мектеп уақытша жабылды.

Балалардың ауруханаға түскенін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады. Ведомствоның хабарлауынша, 12 және 13 қазанда балалар инфекциялық ауруханасына ішек инфекциясының белгілері бойынша 47 оқушы түскен.

“Қазір барлығы дәрігерлердің бақылауында. Интернаттың тағы 8 баласы оқшауланып, медициналық бақылауға алынды” деді басқарма өкілдері.

Мектеп-интернат пен тамақтандыру блогының жұмысы уақытша тоқтатылған. Мамандар тексеріп, зертханалық үлгілер алынған.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы алты айында тамақтан жаппай уланудан 379 адам зардап шеккен, 141-і бала.