Алматыда жол апаты салдарынан екі адам қазаға ұшырады

Алматыдағы Тұрар Рысқұлов даңғылы (көрнекі сурет)

27 шілдеге қараған түні Алматыда жол апаты салдарынан екі кісі опат болып, тағы екі адам ауруханаға түскен.

Полицияның хабарлауынша, түнгі сағат 3-тен өте Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында Mercedes-Benz және Suzuki автокөліктері соқтығысып қалған.

"Алдын ала дерек бойынша, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытқа кетіп бара жатқан Suzuki көлігі Шәріпов көшесімен қиылыста кері айналмақшы болған кезде оған жолдың қарсы бөлігімен келген Mercedes көлігі соқтығысқан. Ол Рысқұлов даңғылымен шығысты бетке алып кетіп бара жатқан", – деп хабарлады Алматы полициясы.

Қала ішіндегі жолда болған апат салдарынан Suzuki көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушы қыз сол жерде қаза тапқан. Suzuki көлігіндегі тағы бір жолаушы қыз және Mercedes көлігінің жүргізушісі ауруханаға түскен.

Алматы қалалық полициясы бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр деп хабарлады полиция.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БҚО-да екі полицей жол апатынан қаза болды Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза таптыАлматы облысында жол апатынан үш адам қаза болдыАқмола облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам опат болдыАқтөбе облысында үш көлік соқтығысты: үш адам қаза болды, жеті адам жарақаттанды