Алматының хайуанаттар бағында дүниеге үш кенгуру төлі келді

Алматының хайуанаттар бағында үш жұп кенгуру төлдеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазір олардың біреуінің ғана жынысы анықталған: қызыл кенгуру жұбынан еркек төл дүниеге келген. Қалған екі сұр кенгурудың төлі енесінің қалтасында болғандықтан әзірге жынысы белгісіз.

Хайуанаттар бағы мәліметінше, екі сұр кенгуру төлі Лорд пен Лара, Тик пен Линда атты екі кенгуру жұбынан туған. Лара бұл жолы алтыншы рет, ал Линда алғаш рет төлдеп отыр. Ал еркек төл Мартин мен Марта атты қызыл кенгурулардан туған.

Хайуанаттар бағының жыртқыш сүтқоректілер бөлімінің жетекшісі Гаухар Сіргебаеваның айтуынша, кенгурудың туу процесі әдетте сырт көзге байқалмайды. Жаңа туған төл өте кішкентай болып келеді және дүниеге келе салысымен бірден енесінің қалтасына өрмелеп кіріп алады. Сондықтан хайуанаттар бағының қызметкерлер төлдің туғанын тек біраз уақыт өткен соң, енесінің қалтасынан басын қылтитқан кезде ғана байқайды.

Зообақ өкілдері жаңа туған кенгуру төлдеріне ат қоюға барша жұрт қатыса алатынын айтты.