АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада уақытша емес, тұрақты бітім орнағанын қалайды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Ресей билігінің 8-10 мамыр аралығында Украинадағы атысты тоқтату жоспарына қатысты пікір білдіргенде осылай деп мәлімдеді.
Левиттің сөзінше, Ресей мен Украина басшыларынан Трамптың "көңілі қалып отыр", алайда ол әлі де оптимистік көзқарасынан айнымай, бейбіт келісімге қол жеткізуге болады деп сенеді.
"Президент қақтығыстарды ұзақ мерзімге тоқтатуға ұмтылатынын айқын білдірген. Ең алдымен — адам өлтіруді тоқтатып, қантөгісті доғаруды көздейді", — деді Левитт.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Путин 8-11 мамырда атысты тоқтату режимін жарияладыБұған қоса ол "президенттің Владимир Зеленскиймен жақында болған кездесуі оның бұл процеске қаншалықты мән беріп отырғанын және соған қол жеткізу үшін қаншама уақыты мен күш-жігерін жұмсауға дайын екенін көрсетті. Өйткені Трамп өзінің алғашқы мерзімінде сәті түспеген бейбітшілік орнатушы президент болғысы келеді. Қазір ол сол мақсатқа жетуге бел байлап отыр" деді.
27 сәуір күні Трамп Ресей президенті Владимир Путинді бейбітшілікті қалайтынын іспен дәлелдеп Украинадағы әскери қимылдарды тоқтатуға шақырған.
"Мен оның атқылауды тоқтатып, келісімге қол қойғанын қалаймын" деген Трамп журналистерге берген сұхбатында.
Трамптың айтуынша, Путин шынымен бейбітшілікті қалай ма, жоқ па, АҚШ президенті ол жөнінде алдағы екі апта ішінде түпкілікті қорытынды жасайтын болады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Римде Зеленскиймен кездесіп, ізінше Путинді сынады