АҚШ-тың 2027 жылғы қорғаныс бюджетінің жобасында Украинаға қаржы қарастырылмаған

АҚШ президенті Дональд Трамп

Дональд Трамп әкімшілігі әзірлеген 2027 жылға арналған қорғаныс бюджетінің жобасында Украинаға әскери көмек көрсету бағдарламасына (USAI) қаржы қарастырылмаған. Ақпаратты Пентагонның қаржы жетекшісі Джулс Херст растады.

Киевке көмек қысқарса да, АҚШ-тың қорғаныс саласы бойынша жалпы сұранысы рекордтық 1,5 трлн долларға жетті. Бұл қазіргі көрсеткіштен 50 пайызға көп.

Мұндай өзгеріс 28 ақпанда басталған Иранға қарсы әскери операциямен байланысты. Әскери қимылдарға шамамен 50 млрд доллар жұмсалған деген дерек бар. Ал қару-жарақты қалпына келтіру үшін сарапшылардың бағалауынша, бірнеше жыл керек.

CBS News-тің жазуынша, шығынның айтарлықтай бөлігі оқ-дәріні толтыруға жұмсалмақ. Бұған қоса, Америка әскері барлау жүргізетін әрі соққы жасайтын MQ-9 Reaper дронының кемінде 24 данасынан айырылған. Мұндай дронның әрқайсысының құны 30 млн доллардан басталады.

Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ-тың Таяу Шығыста созылып кеткен соғысы Киевке әскери көмекті бәсеңдетеді деп ескерткен. Украина бұған жауап ретінде Украина Ұлыбритания, Италия, Норвегия, Финляндия және Швециямен бірге қорғаныс саласындағы сатып алулар бойынша коалиция құрған.

Конгресс бюджет жобасы бойынша түпкілікті шешімді 1 қазанда қабылдайды.