АҚШ Иран мұнайын тасымалдайтын кемелерге санкция салды

Ормуз бұғазы. Оманның Мусандам қаласынан түсірілген сурет, 16 шілде, 2026 жыл.

АҚШ қаржы департаменті Иранның "тасадағы флотына" енетін сегіз танкерге және оларға иелік ететін компанияларға санкция салды.

Тізімге Қытай мен Маршалл аралдарында тіркелген компаниялар енгізілген. Танкерлер Мозамбик, Барбадос, Вануату және Маршалл аралдары туларын іліп алып мұнай тасымалдаған. Олар Қытайға миллиондаған баррель Иран мұнайын және Біріккен Араб Әмірліктеріне жүздеген мың баррель мұнай өнімдерін тасымалдаған деген дерек айтылды.

АҚШ қаржы департаменті Ормуз бұғазы арқылы өткен кемелерден алым жинауда маңызды рөл атқарады деп санайтын екі компанияға да шектеу шарасын енгізген. Бұл компаниялар кемелерге транзиттік сақтандыру полистерін сатумен айналысқан дейді департамент.

"Кемелерді басып алу сияқты, көпшілігін Иранның өзі жасап отырған қауіп-қатерден сақтандыруға деп алынады, және терроризм мен режимнің жемқорлығын қаржыландыру үшін кіріс табуды көздейді", – деп мәлімдеді АҚШ қаржы департаменті.

Ресми мәлімдемеде Иранның Persian Gulf Marine Insurance Company және HormuzSafe Marine Services Authority компанияларын пайдаланып, "Ормуз бұғазымен әдеттегі коммерциялық жүк тасымалдауға тырысқан кемелерден ақша бопсалау үшін заңсыз схемалар құрғаны" айтылған.

Ормуз бұғазы – Парсы шығанағы елдерінде өндірілген мұнайды әлемдік нарыққа жеткізетін негізгі дәліздерінің бірі. Биыл 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әуе шабуылдарын бастағаннан кейін Тегеран Ормуз бұғазын іс жүзінде жауып тастады.