АҚШ Иранға тоғызыншы түн қатарынан әуеден шабуылдады

АҚШ күштері Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясына жасаған зымыран соққысынан бүлінген Бандар-Хамирдегі көпірлердің бірі. 17 шілде, 2026 жыл.

АҚШ әскері Иран аумағына тоғызыншы түн қатарынан әуеден соққы жасады. Бұл туралы дүйсенбіге қараған түні АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

CENTCOM бұл операциялар Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелері мен азаматтық теңізшілерге қауіп төндіретін Иранның әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған дейді.

Иранның Tasnim агенттігі Тебриз бен тағы бірнеше қаласында, соның ішінде елдегі ең ірі Имам Хомейни портында жарылыстар болғанын хабарлады.

Бұған дейін Иранның Иорданияға жасаған әуе шабуылынан екі америкалық жауынгер қаза тапқан. АҚШ оған қарымта ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусының нысандарына соққы берген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Иорданияда Иранның соққысы кезінде екі америкалық сарбаз қаза болдыАҚШ пен Иран бір-бірін тағы соққыладыАҚШ Ирандағы ондаған әскери нысанаға жеті сағат бойы соққы жасағанын хабарладыАҚШ Ирандағы нысандарды үшінші түн қатарынан атқыладыТаяу Шығыста жағдай ушықты: АҚШ пен Иран бір-біріне соққы жасады, Ормуз бұғазы жабылды