АҚШ сенаты Тодд Бланшты бас прокурор лауазымына бекітті

Тодд Бланш

АҚШ сенаты президент Дональд Трамптың бұрынғы жеке адвокаты Тодд Бланшты елдің бас прокуроры қызметіне бекітті. Республикашылдар басым сенатта шешімді 50 адам қолдап дауыс берсе, 49-ы қарсы болған.

Бланштың кандидатурасына қарсы дауыс берген барлық демократтарға екі республикашыл сенатор – Сьюзан Коллинз бен Лиза Меркауски де қосылған.

Бланш сәуір айынан бері АҚШ бас прокурорының міндетін атқарып келді. Оған дейін ол Әділет министрлігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Трамптың жақын саяси серіктерінің бірі саналатын Бланш президенттің сенімді одақтастарының қатарында.

Бланштың бас прокурор қызметіне бекітілуі Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы бері сенаттағы ең тартысты министрлік басшысын тағайындаулардың біріне айналды деп жазды Reuters. Бланштың кандидатурасына байланысты айтыс-тартыс партияаралық сипат алып, сенаторлардың бір бөлігі Бланштың әділдігі мен қызмет тәуелсіздігіне күмән келтірген. Негізгі даулы мәселе – оның Трамппен бұрыннан қалыптасқан кәсіби және саяси байланыстары болды.

Тодд Бланш Трамп Ақ үйде билікке қайта оралғанға дейін оның Нью-Йорктегі сот процесіндегі қорғау тобының құрамында болған. Ол іс порноактрисаға "ауызбастырық" ретінде төленген ақша туралы ақпаратты жасыру мақсатында іскерлік құжаттарды бұрмалады деген айыптарға байланысты қаралған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

АҚШ сенаты Джей Клейтонды Ұлттық барлау басшысы етіп бекіттіАҚШ сенаты қазақ қызы Әсел Робертсті Словениядағы елші қызметіне бекіттіАҚШ сенаты Кевин Уоршты федералдық резерв жүйесі басшысы етіп бекіттіАҚШ сенаты Джули Стафтты Қазақстандағы елші қызметіне бекіттіАҚШ экс-президенті Трампқа қарсы сотта порноактриса куәлік берді