АҚШ-тың Мичиган штатында синагогада атыс болды

Мичигандағы атыс орнына келген күштік құрылым өкілдері.

Бейсенбі күні АҚШ-тың Мичиган штатында Детройт маңындағы синагогада белгісіз біреу күзет қызметкерлерімен атысты деп хабарлады жергілікті полиция. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

"Қазіргі кезде біреудің зардап шеккені туралы мәлімет расталмады, атыс болғаны туралы ақпарат бар" деді Окленд аймағының шерифі Майкл Бушар.

Ізінше ақпарат құралдарында "Израиль храмы" синагогасындағы атыс кезінде күдіктінің мерт болғаны белгілі болды.

Шериф Бушарға сүйенген CNN-нің жазуынша, күдікті синагогаға өз көлігін жібергеннен кейін қаза болған. Оны күзет байқап қалып, оқ атқан. Төтенше оқиға болған аумақ маңындағы мектептен оқушылар эвакуацияланған, ал тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілген.

Америка мен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына байланысты елде жағдай күрделенген шақта оқиға орнына көп құқық қорғау қызметкері жіберілген.