АҚШ-тың 2026 жылға арналған қорғаныс бюджетінде Украинаға әскери қолдау көрсетуге 400 миллион доллар бөлу қарастырылған. Дәл осындай көлемдегі ақша 2027 жылға да жоспарланған. Бұл жөнінде The Hill жариялаған заң жобасында айтылған. Құжатқа сәйкес, АҚШ-тың 2026 жылға арналған қорғаныс бюджетінің көлемі 901 миллиард долларға тең. Бұған дейін президент Дональд Трамп 892,6 миллиард доллар сұраған.
Заң жобасы сондай-ақ Ресейдің "Үнді-Тынық мұхиты аймағы елдеріне, әсіресе Қытайға әсер ететін әскери стратегиясын, мақсаттарын және күштерінің орналасуын" бағалауды көздейді.
Бұдан бөлек, Қытай, Ресей, Иран және Солтүстік Корея арасындағы "дипломатия, ақпарат, әскери және экономика салалары бойынша екіжақты немесе көпжақты ынтымақтастық ауқымы" сипаттамасын әзірлеу жөнінде ұсыныс айтылған.
Бұған қоса жобада әскери қызметкерлер жалақысын 3,8% көтеру, қару-жарақ өндірісін ұлғайту және Пентагонның келісімшарт жүйесін реформалау қарастырылған. Әскери дрондарды жедел әзірлеу, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жаңарту, Құжатта "Алтын күмбез" атты көпдеңгейлі әуе шабуылына қарсы жүйе құру және АҚШ-тың оңтүстік шекарасында, президент Дональд Трамптың жарлықтарына сәйкес, әскер қолдану да қамтылған.
АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасы бұл заң жобасын қарауды осы аптада бастамақ.