«Аралтұз» жұмысшылары алты күн бойы ереуілде тұр

Your browser doesn’t support HTML5

ТМД аумағындағы ең ірі тұз өндіруші компаниялардың бірі «Аралтұз» жұмысшылары алтыншы күн жалақыны 50 пайызға көбейтуді талап етіп тұр. Кеше компания басшылығы айлықты біртіндеп көтеру туралы шешімін жариялады. Бірақ жүздеген қызметкер әуелгі талаптан айнымаймыз десті.