Астана маңында жол апатынан бес адам қаза тапты

21 маусым күні Астана маңында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапқан.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, жексенбі күні Астана-Қорғалжын тас жолында соқтығысып қалған үш көліктің екеуі өртеніп, жанып кеткен.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан бес адам қаза тауып, түрлі жарақат алған тағы бес кісі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция.

Көп адамның қазасына себеп болған апаттың мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы тас жолда осыған ұқсас жол апатына түскен үш көліктің бірі өртеніп, екі адам қаза тауып, сегіз адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған еді.