Астана мектебінде оқушы қыз сыныптастарына пышақ ала жүгірген

16 қарашада Астана қаласындағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқитын қыз екі сыныптасына пышақпен тап берген. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған деп хабарлады Bes.Media.

Екі оқушыға медициналық көмек көрсетілген, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ деп жазды басылым.

"Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған жасөспірім профилактикалық есепке алынып, психикалық денсаулық орталығының мамандарына тексеруге жіберілді. Ал оның заңды өкілдері баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды" деп хабарлаған Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның себептерін анықтау жұмыстары жүріп жатқанын, білім басқармасы мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныстар енгізілгенін, бұған қоса мектеп қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Әлімжеттік бойынша күдікке ілінген алты оқушының соты басталдыАқтөбеде спорт мектебіндегі оқушының өліміне қатысты үкім оқылдыБопса, қорлау, күш көрсету. Балалар арасындағы әлімжеттік неге тыйылмай тұр?"Мектеп әжетханасында әлімжеттік жасаған". Жамбыл облысындағы оқушы қазасының мән-жайы"Мектептен келді де, дәріні уыстап ішіп алды". Әлеуметтік желідегі әлімжеттік пен салдары