Бакуде Еуропа ойындары ашылды

Европа ойындарының алауын жағар алдында от тұтатып жатқан актер. ​Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Жарыстың алауы жанған сәт. Еуропа ойындарын ресми түрде Әзербайжан президенті Илхам Алиев ашты. Баку, 12 маусым 2015 жыл.​

Еуропа ойындарының ашылу салтанатына стадиондағы жарықтан бөлек 2000-нан астам шам, 25 километр кабель, 12 мегаватт электр қуаты жұмсалған. ​Баку. 12 маусым 2015 жыл.

Ашылу салтанатының бас режиссері грекиялық Димитрис Папаиоанну болды. Ол 2004 жылы Афины олимпиадасының ашылу салтанатын дайындаған. Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Еуропа ойындарының ашылу құрметіне атылған фейерверк. Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Ұйымдастыру комитетінің дерегінше, ашылу салтанатының сахналық қойылымдарына 3000-ға жуық өнерпаз бен ерікті қатысқан. Ашылу салтанаты Әзербайжанның тарихына, өнеріне арналды. ​Баку. 12 маусым 2015 жыл.

Ашылу салтанаты кезінде 856 биші стадионның ортасында Әзербайжандағы кілем түрлерін он минут бойы бимен көрсетті. ​Бұл биге Әзербайжан балет және опера театры мен түрлі өнер орталықтарының өнерпаздары қатысты. Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Еуропа ойындарының ашылу салтанатын жаңадан салынған олимпиадалық стадионда 68 мың көрермен тамашалады. ​ Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Еуропа ойындарының ашылуына ХОК президенті Томас Бах, Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сияқты шетелдік президенттер де келді. ​Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Танымал әнші Леди Гага Еуропа ойындарының ашылу салтанатында ән айтты. Оның бұл шараға қатысатыны соңғы сәтке дейін құпия болды. Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Еуропа ойындарына Әзербайжаннан 290 спортшы қатысады. Ал ең көп спортшы Ресей делегациясында - 359 спортшы. Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Биыл Халықаралық олимпиада комитетіне мүше болған Косово тәуелсіз ел ретінде алғашқы халықаралық жарысына қатысады. Еуропа ойындарына бұл елден 18 спортшы жолдама алған. ​Баку, 12 маусым 2015 жыл.

Бакудегі бірінші Еуропа ойындары 12-28 маусым аралығында өтеді. Жарысқа Европаның 50 елінен 6 мыңнан астам спортшы қатысады. ​2019 жылғы екінші Европа ойындары Голландияда өтуі тиіс еді. Бірақ Бакудегі ойындардың басталуына бір күн қалғанда Голландия жарысты ұйымдастырудан бас тартты. Келесі Еуропа ойындары қай қалада өтетіні әзірге белгісіз. ​Баку. 12 маусым 2015 жыл.