Азия ойындары: қазақстандық жеңіл атлет алтын ұтты

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева. Туризм және спорт министрлігінің суреті

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль ұтты.

Тоқсанбаева әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші келіп, 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесін көрсетті. Ол қарсыластарынан төрт минутқа жуық уақыт бұрын мәреге жетті.

🔸Ясмина Тоқсанбаева (Қазақстан) — 3:22:20
🔸Даньцзэн Цюйцзун (Қытай) — 3:26:09
🔸Ма Ли (Қытай) — 3:32:26

21 жастағы Ясмина Тоқсанбаева бұрын да құрлық жарыстарында жүлделерге ие болды. 2025 жылы 20 шақырымдық спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2026 жылы Жапонияда өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленді.

Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі. Бұған дейін жеңіл атлетикадан Кристина Морозова спорттық жүрісте күміс жүлде иеленген еді.