БАҚ: 2028 жылға қарай әлемде төрт миллионнан астам адам босқынға айналуы мүмкін

Чад пен Судан шекарасына жақын жердегі босқындар лагері маңында отырған бала. 9 қараша, 2023 жыл.

2027 жылдың аяғына дейін соғыстар кесірінен және гуманитарлық көмектің азаюына байланысты әлемде төрт миллионнан астам адам үй-жайын тастап босып кетуге мәжбүр болуы мүмкін. Мұндай ақпаратты Данияның босқындар кеңесінің бас хатшысы Шарлотта Слентенің сөзіне сүйеніп Reuters таратты.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің дерегі бойынша, әлемде қазірдің өзінде тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған 117 миллион адам бар. Сонымен бірге, әлемнің әр тұсында болып жатқан қақтығыс саны шамамен 130-ға жеткен, бұл 21-ғасырдың басындағы көрсеткіштен екі есеге жуық артық.

Әсіресе соғыс болып жатқанына төртінші жыл жалғасып жатқан Суданда мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар көбеюі мүмкін деген болжам бар. Осы кезге дейін 13,5 миллион адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған, алдағы екі жылда олардың қатарына шамамен 670 000 адам қосылуы мүмкін.

Бұған қоса, қаржыландыру тапшылығына байланысты БҰҰ агенттіктері Чад мемлекетіндегі босқындарға су мен азық-түлік жеткізуді азайтуы мүмкін.