БАҚ: Халықаралық қылмыстық сот израильдік шенеуніктерді тұтқындауға құпия ордер сұратқан

Итамар Бен Гвир (сол жақта) мен Бецалель Смотрич

Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бірнеше жоғары лауазымды шенеунігін тұтқындауға құпия ордер сұратқан болуы мүмкін, деп жазды израильдік Haaretz басылымы дипломатиялық дереккөзге сүйеніп. Басылым мәліметінше, сөз екі саясаткер мен екі әскери шенеунік туралы болып отыр. Олардың аты-жөні ресми түрде жарияланбаған, ал ордерлер қашан берілгені белгісіз.

Бұған дейін БАҚ Халықаралық қылмыстық сот прокуратурасы Израильдің қаржы министрі Бецалел Смотрич пен Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен Гвирге қарсы іс қозғау мүмкіндігін зерттеп жатқаны туралы да жазған.

Халықаралық қылмыстық соттың жарғысы күдікті адамға ордер шығарылғаны жөнінде оны алдын ала хабарлауды міндеттемейді. Haaretz дереккөздерінің мәліметінше, ордерді құпия түрде беру күдіктілердің ұсталу ықтималдығын арттырады, ал жария етілген ордер күдікке ілінген саясаткерге тұтқындалуы ықтимал елдерге бармауға мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Халықаралық сот Нетаньяхуды тұтқындауға ордер берді

2024 жылдың аяғында Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантқа қатысты тұтқындау ордерлерін шығарған. Олар 2023 жылғы 8 қазан мен 2024 жылғы 20 мамыры аралығында Газа секторындағы әскери операция кезінде адамзатқа қарсы қылмыстар мен соғыс қылмыстарын жасауға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген еді. Сол кезде сот ондай қылмыстарға жаппай аштық, кісі өлтіру, қудалау және бейбіт халыққа қасақана шабуыл жасау кіретінін мәлімдеген.

Израиль үкіметі Халықаралық қылмыстық соттың премьер Нетаньяхуды тұтқындауға ордер беру туралы шешімін "антисемиттік" деп бағалап, оны үзілді-кесілді қабылдамайтынын мәлімдеген.

Израильдің Газадағы операциясы АҚШ пен Еуропа одағы террористік ұйым деп таныған палестиналық ХАМАС тобы 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне тұтқиылдан шабуыл жасағаннан кейін басталған. Жиһадшылар мыңнан астам адамды өлтіріп, 250-ден астам адамды тұтқындап, Газаға алып кеткен еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Трамптың Газа секторы жайлы бейбіт жоспарын мақұлдады. Ресей мен Қытай қалыс қалдыХАМАС Израильге тағы бір тұтқынның сүйегін тапсырдыТрамп пен ара ағайын елдердің басшылары Газадағы бейбітшілік декларациясына қол қойдыИзраиль мен ХАМАС Газа бойынша келісімге келгенін растадыБҰҰ Бас ассамлеясы Палестинаның тәуелсіздігін қолдайтын қарар қабылдады. Қазақстан құптап, дауыс берді