БАҚ: НАТО әскери құбыр желісін кеңейткісі келеді

НАТО елдері қырғи қабақ соғыс дәуірінен қалған әскери отын құбырлары желісін Шығыс Еуропа мен Түркияға дейін кеңейту туралы келісімге келуге жақын қалды. Мұны дереккөздеріне сүйеніп Bloomberg хабарлады.

Агенттік дерегінше, бұл жоба бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Қазір бар жүйе Батыс Еуропа елдеріндегі әскери базаларды бір-бірімен байланыстырады және дағдарыс кезінде немесе қарулы қақтығыс бола қалған жағдайда қажет отынды үздіксіз жеткізуге арналған.

Аталған құбыр желісін кеңейту қажеттілігі қазіргі инфрақұрылым НАТО-ның шығыстағы шекарасында ауқымды әскери операциялар бола қалған жағдайда отын жеткізуге жеткіліксіз болады деген алаңдаушылықтан туындаған деп жазады Bloomberg. Қазір әскери-саяси альянстың шығысындағы елдердің көбінде отын жүк шамадан тыс көбейгенде және шабуылдар кезінде ұлғаятын қауіп-қатер алдында осал саналатын автокөлік жолымен және теміржолмен тасымалданады.

Агенттік сөйлескен дереккөздердің бірінің сөзінше, жоба шамамен 30 миллиард долларға түсуі мүмкін, бұл НАТО тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық инвестиция болмақ.