БАҚ: ресейлік миллиардер Александр Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Америкалық Higgsfield жасанды интеллект стартапының негізін қалаушыларының бірі Александр Машрабов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл жөнінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке сүйенген «Контекст» телеграм-арнасы хабарлады.

Тиісті жарлыққа Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 қазанда қол қойды.

Higgsfield компаниясы баспасөз хатшысы Bloomberg агенттігіне кейінгі жылдары АҚШ-та тұратын Машрабов Ресей азаматтығынан бас тартатыны жөнінде өтініш бергенін айтқан. Қазақстанда қос азаматтық заңсыз саналады.

Higgsfield — жасанды интеллектінің көмегімен видеоконтент өндіретін стартап. Оны 2023 жылы Машрабов пен қазақстандық Ерзат Дулат құрған. 2026 жылы компанияның құны 5,4 млрд доллар деп бағаланды. Машрабовтың ондағы үлесі 20 пайыз деп айтылады.