БАҚ: Трамп пен Нетаньяху кездесуінде Иран мәселесі басты тақырып болған

АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың 28 шілде күні Ақ үйде өткен 90 минуттық келіссөзінің негізгі тақырыбы Иран мәселесіне арналды. Мұны дереккөзіне сүйеніп Axios хабарлады.

Израиль шенеунігінің айтуынша, кездесуде тараптар Иранмен келісімге келу, Тегеранға экономикасына қысымды күшейте отырып, әскери-теңіз блокадасын жалғастыру немесе Иранға соққыларды қайта бастау және күшейту сияқты үш нұсқаны қарастырған деп жазды басылым.

Нетаньяху Иранмен мәмілеге келу мүмкіндігіне күмәнмен қарайтынын айтып, Тегеран Ормуз бұғазын өз дегеніне АҚШ-ты көндіру үшін негізгі тетік ретінде пайдалануға тырысып отыр деп мәлімдеген.

Ал Трамп соғыстың энергетикалық нарықтар мен жаһандық экономикаға кері әсер ететініне алаңдаушылық білдірген.

Нетаньяху "Американың қаржылай қолдау көлемін нөлге дейін төмендеткісі келетінін" мамыр айында да айтқан еді. Бұл мәлімдемесін АҚШ-та Израильге қолдау бәсеңдеп бара жатқан кезде жасаған: Pew сауалнама қорытындысына сәйкес, сол кезде америкалықтардың 60 пайызы Израильдің іс-әрекетін құптамайтынын білдірген, бұл төрт жыл бұрынғыдан шамамен 20 пайыз көп. Олардың көзқарасының бұлайша өзгеруіне негізгі себептердің бірі – Газа секторындағы соғыс.

  • Нетаньяху "Американың қаржылай қолдау көлемін нөлге дейін төмендеткісі келетінін" мамыр айында да айтқан еді. Бұл мәлімдемесін АҚШ-та Израильге қолдау бәсеңдеп бара жатқан кезде жасаған: Pew сауалнама қорытындысына сәйкес, сол кезде америкалықтардың 60 пайызы Израильдің іс-әрекетін құптамайтынын білдірген, бұл төрт жыл бұрынғыдан шамамен 20 пайыз көп. Олардың көзқарасының бұлайша өзгеруіне негізгі себептердің бірі – Газа секторындағы соғыс.
  • Bloomberg дерегінше, Вашингтон 2028 жылға дейінгі кезеңге арналған келісім аясында Израильге жыл сайын 3,8 млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсетіп келеді.