БАҚ: Залужный Зеленскийге президент сайлауына қатысатынын айтқан

Украина басшысы Владимир Зеленский және Украина қарулы күштерінің бұрынғы қолбасшысы Валерий Залужный. Қаңтар, 2026 жыл.

Украина қарулы күштерінің бұрынғы қолбасшысы Валерий Залужный Украина басшысы Владимир Зеленскийге президент сайлауына қатысатынын айтқан. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген "Украинская правда" басылымы жазды.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, маусымның ортасында Зеленский президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов, оның орынбасарлары және қорғаныс министрі Михаил Федеоров және Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қызметінің хатшысы Рустем Умеровпен жабық кездесу өткізген.

Басылымның жазуынша, олар президент сайлауын 2026 жылдың күзінде өткізу мүмкіндігін талқылаған. Бұған жабық әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі түрткі болған. Оған сәйкес, Зеленский рейтингісінің төмендеуі тоқтап, қолдайтындар көбейген.

Басылымның дерегінше, сол сауалнамаға сәйкес, сайлаудың бірінші кезеңінде Зеленскийге сайлаушылардың – 33%, ал Залужныйға – 22%, ал Будановқа – 14% дауыс беруге дайын.

“Украинская правда” газетінің жазуынша, Зеленский ықтимал қарсыласының ниетін білу үшін қазір Украинаның Ұлыбритания елшісі қызметін атқаратын Залужныйды Киевке шақырған. Басылымның жазуынша, Залужный кездесу кезінде өзінің президент сайлауына қатысатынын айтқан.