Қызметін бәске тігіп, халық жағына шыққан беларусьтер

Your browser doesn’t support HTML5

Беларусьте қызметін бәске тігіп, билікке наразыларға қолдау білдірушілер көбейіп келеді. Олардың қатарында жоғары шенді полицей, театр директоры, дипломат және құрылысшылар бар. Олар 9 тамыздағы сайлау нәтижесі бұрмаланған деп, елді 26 жыл басқарған Александр Лукашенконың кетуін талап етеді.