Белсенді Әлнұр Ілияшевтің үйінде тінту болды

Белсенді Әлнұр Ілияшев. 2022 жыл.

Белсенді Әлнұр Ілияшевтің бауыры Қанат Ілияшев жұма күні таңертең Әлнұр Ілияшевтің үйіне арнайы жасақ басып кіріп, тінту жүргізгенін хабарлады. Бұл жөнінде "Власть" басылымы жазды.

"6:37 шамасында әкем хабарласып, Әлнұрға арнайы жасақ келгенін айтты. Барған кезде полицияның арнайы көлігі жоғын көрдім, подъезде жәдел мамандар жүрді, біреуі әлдекіммен сөйлесіп жатыр: "бәрі тап-тұйнақтай жасалады" деп айтты" дейді ол басылымға.

Қанат Ілияшевтің сөзінше, оны ішке кіргізбеген, бірақ жақындарының "аман-есен" екеніне көз жеткізген.

Оның сөзінше, бұл жолы полиция "сабырлы" көрінген. Басылым осыдан алты жыл бұрын Әлнұр Ілияшевтің үйінде тінту болып, Әлнұр Ілияшевтің жақындары полицияның дөрекі әрекетін еткенін еске салды.

Аталған тінту қандай да бір қылмыстық іс аясында ма, жоқ па, белгісіз.

Заңгер Дәулет Әбілқасымов жұма күні күндіз тінтуден кейін белсенді Әлнұр Ілияшевті полицияға алып кеткенін хабарлады.

“Ол бізге “190-бап” деп айқайлап үлгерді. Біз заңгерлер мәселе не жөнінде екенін түсіндік” деп жазды заңгер.

Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Әлнұр Ілияшев билікті ашық сынап, қоғамдағы өткір мәселелерге көзқарасын айтып жүрген азаматтық белсенділердің бірі. Сол үшін талай жауапқа тартылды. Ақпан айында белсенді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум тағайындау туралы жарлығының заңдылығын даулап, сотқа шағым түсірген, алайда сот қабылдамай қойған.

Былтыр Балқаш маңына салынайын деп отырған АЭС Ресей жалға алып отырған әскери полигон Сарышағаннан небәрі 30 шақырым жерде орналасқанын, ал бұл қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігін атап өтіп, үкіметті сотқа берген. Алайда соттан жеңіліп қалды.

49 жастағы заңгер 2020 жылы үш жылға бостандығы шектеліп, бес жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына тыйым салынған. Оған Facebook-те «Nur Otan» (биыл маусымда Amanat жаңадан құрылған "Әділетке" қосылған) партиясын сынап жазба жазғаны үшін «төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деген айып тақты. Белсенді айыппен келіспеді.