Березовка тұрғындары көшіруді талап етеді

Your browser doesn’t support HTML5

Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданындағы Березовка ауылы тұрғындары биліктен көмек көрмегендерін айтады. Олар өздерін де Ақмола облысындағы Калачи ауылы тұрғындары секілді көшіруді сұрайды. 2014 жылдың қарашасынан бері Березовкада адамдар бірнеше рет жаппай уланды. Тұрғындар оны жақын маңдағы газ кенішінің кесірі деп біледі. 16 қаңтар 2015 жыл. (Видеосюжет орыс тілінде).