Қытай дрондарды Ресейге жаңа бағыт – Таиланд арқылы экспорттап жатыр деп жазды Bloomberg.
Ақпарат агенттігінің жазуынша, Таиландтан Ресейге дрон экспорты 2022 жылы күрт артқан. Бір мезетте Қытайдан Таиландқа дрон экспорттау көлемі де күрт ұлғайған. Bloomberg дереккөзінің айтуынша, украин шенеуніктері бұл тенденцияны байқаған.
Былтыр 11 айда Ресей Таиландтан құны 125 млн доллар болатын дрон импорттаған. Bloomberg-тің жазуынша, бұл Таиландтан шығарылған дрон экспортының 88 пайызы және 2024 жылғы көрсеткіштен сегіз есе көп. 2022 жылы Таиланд құны 1 млн доллар болатын дрон экспорттаған және ешқайсысы Ресейге жіберілмеген.
2025 жылы Қытай Таиландқа құны 186 млн доллар болатын дрон жеткізген.
Таиланд кеден департаментінің бас директорының айтуынша, Таиландтан қытай дрондарын экспорттау заң аясында жүріп жатыр, ал Таиланд заңнамасы дронды импорттау кезінде оны пайдалану мақсатын декларацияға түсіруді міндеттемейді.
Bloomberg-тің жазуынша, батыс елдері БАӘ мен Қазақстан елдері арқылы тасымалданатын бұрынғы бағытқа шара қолданғаннан кейін Таиланд былтырдан бастап маңызды арнаға айналған.