БҚО-да екі полицей жол апатынан қаза болды

Батыс Қазақстан облысында полиция көлігі Тасқала - Аққурай тасжолында аударылды. Екі полицей қаза болды. Бұл жөнінде "Уральская неделя" басылымы жазды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жол апаты 3 шілдеде күндізгі сағат 2 шамасында болған.

38 жастағы полиция майоры сол жерде қаза болды. Ауыр жарақат алған 39 жастағы полицияның аға сержанты ауруханада көз жұмған.

Ақпаратқа қарағанда, полиция қызметкерлері Тасқала ауылынан қару-жарақ сақтау жағдайын тексеру үшін Шежінге қарай жүрген.

Жол апатына нақты не түрткі болғаны айтылмайды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Instagram желісінде "кәсіби міндетін атқару кезінде қаза болған" полицейлердің жақындарына көңіл айтты.