Әлемнің алуан дерегі

Солтүстік Кореяда ресми түрде рұқсат берілген шаш қою үлгілерінің саны - 28.

Ресей Федерациясы аумағының 75 пайызы Азия құрлығында жатыр. Бірақ Азияда бұл елдің халқының 22 пайызы ғана тұрады.  

Мәскеудегі Борис Немцов қаза тапқан жердің маңайында 18 видеокамера орналасқан. Алайда қылмыс жасалғаннан бері бірде-бір видеожазба жарияланған жоқ.  

АҚШ Конгресі (парламенті) біріккен отырысында осы күнге дейін шетелдің 111 басшысы сөйлеген. Ең соңғы рет АҚШ депутаттары алдында Ауғанстан президенті Ашраф Ғани (25 наурыз күні) сөйлесе, Конгресс мүшелері алғаш рет Гавай аралдары королі Калакуаны тыңдаған екен (1874 жылы).

АҚШ-тың Юта штатында өлім жазасын бұдан ары бес [қарулы] адам орындайды. АҚШ-та жуырда қабылданған федералдық заң бойынша, кейбір штаттарда өлім жазасына кесілген адамның жазасын дәрі егіп орындау мүмкін болмаған жағдайда ғана, оны атуға рұқсат етіледі.

Болжамдарға қарағанда, 2050 жылға қарай Жер бетінде тоғыз миллиард адам өмір сүретін болады. Олардың 40 пайызы ауызсу тапшылығын көруі мүмкін. Қазір Жерде жеті миллиардқа жуық адам өмір сүреді.  

Швед Корольдігі барлауының дерегіне қарағанда, Ресей дипломаттарының үштен бірі - тыңшылар.  

2014 жылдың қаңтарынан бері тек қана Мәскеуде "отанын сатты" деген айыппен жеті адам сотталған.  

Осман империясының Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде армяндарды жаппай көшіруі мен өлтіруін 22 мемлекет геноцид деп таныған.

БҰҰ-ның былтырғы "Қырым Украинаның ажырамас бөлігі" деген қарарына 11 мемлекет қарсы дауыс берді. Бұл елдердің халқы әлем тұрғындарының 4,5 пайызы болады екен.  

Жер шарын мекендейтін 70 миллион адамның ирланд халқына қатысы бар болып шыққан. Олардың ішінде 4,6 миллион адам - Ирланд Республикасында, 1,8 миллион адам британиялық Солтүстік Ирландияда тұрады.  

Пәкістанда 40 миллион адамның дәретхана пайдалану мүмкіндігі жоқ. Олар әжетін кез келген жәрде орындауға мәжбүр. Бұл түрлі індеттің таралу қаупін күшейтеді.

Wikileaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде 997 күн отыр. Ол Швецияға экстрадицияланудан қауіптеніп, осы елшілік ғимаратына жасырынған еді. Оған жыныстық қылмыс жасады деген айып тағылған. 

Сириядағы адам өмірінің ұзақтығы 20 пайызға қысқарды. Бұл елде 2011 жылы азамат соғысы басталған еді. 

Нұрсұлтан Назарбаев конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерден кейін Қазақстан президенті болып шексіз мерзімге сайлана береді. Бұл елдегі президент сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірге белгіленген.  

Әлем әйелдерінің 35 пайызы "тұрмыстық зорлық-зомбылықты кем дегенде бір рет басынан кешкендерін" айтқан. Бұл туралы БҰҰ хабарлады. 

2014 жылы Германияның 2 миллион 500 мың азаматы Берлин мен Афин қарым-қатынастары нашарлағанына қарамастан (Грекия қарызы кесірінен), турист ретінде Грекияға барған.  

Ресми түрде Жердің ең кәрі тұрғыны деп танылған жапон әйелі Мисао Окава 117 жасқа толды. Ол 1898 жылы 5 наурызда туған. Жапонияда жасы 100-ден асқан 58 мың адам тұрады. Бұл - әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш.