Аллаға разы Махачқала тұрғыны жолаушыларды тегін тасиды

Your browser doesn’t support HTML5

Ресей құрамындағы Дағыстан республикасының астанасы Махачқалада шағын автобуспен жолаушы таситын 65 жастағы жергілікті тұрғын Абдулмежид Чупалаев үш жылдан бері әр аптаның жұма күні және Құрбан айт мерекесі кезінде жұртқа тегін қызмет көрсетеді. Өз айтуынша, төрт рет инфаркт және екі мәрте инсульт алып, аман қалғаны үшін Аллаға разылығын осылайша білдіруді ұйғарған. Қарт жүргізушінің арманы – Меккеге қажыға бару екенін естіген Махачқала тұрғындары оның сапарына қажетті қаржыны жинап берген. "Осы шақ" бағдарламасының видеосы - орыс тілінде.